- Басты бет
- Жаңалықтар
- 📚 «Силлабусты әзірлеудің заманауи тәсілдері: оқу нәтижелері, бағалау және академиялық адалдық» тақырыбындағы әдістемелік семинар
📚 «Силлабусты әзірлеудің заманауи тәсілдері: оқу нәтижелері, бағалау және академиялық адалдық» тақырыбындағы әдістемелік семинар
📅 2026 жылғы 5 наурызда сағат 11:30-де қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін әдістемелік семинар өтті.
🎤 Спикер: Атаханова Г.М., з.ғ.к., қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры.
📖 Семинар барысында силлабусты әзірлеудің заманауи тәсілдері және оның цифрлық білім беру ортасындағы рөлі қарастырылды. Атап айтқанда, силлабусты тек пәннің формалды құжаты ретінде емес, оқу процесін басқарудың, студентпен академиялық өзара әрекеттестікті реттеудің және оқу нәтижелерін айқындаудың маңызды құралы ретінде жобалау мәселелері талқыланды.
💬 Сонымен қатар оқу нәтижелерін дұрыс қалыптастыру, нәтижеге бағытталған бағалау жүйесін құру, критериалды бағалау мен рубрикаларды қолдану, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселелері қарастырылды. Баяндамада силлабусты оқу процесін ұйымдастырудың тиімді құралы ретінде қолдану және студенттердің оқу жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету жолдары талқыланды.
Басқа жаңалықтар