Деструктивті діни ағымдардың жастарға зияны және қоғамдағы тәртіп
БҰҰ-ның Тұрақты дамудың 16-мақсаты: «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» және 17-мақсаты: «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсаттарына сәйкес 2026 жылдың 18 наурыз күні «Экономика» кафедрасы факультет студенттеріне студенттеріне арналған «Деструктивті діни ағымдардың жастарға зияны және қоғамдағы тәртіп» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымдары, діни сауаттылықты арттыру мәселелері және жат ағымдардан сақтану жолдары жан-жақты талқыланды. Іс-шараға университеттің Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті м.а., PhD докторы Тунгатова Ұлжан Асқарбайқызы тәлімді баяндама жасады. Баяндамада деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілеріне тоқталып, олардың ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді, мемлекеттік рәміздерді теріске шығару сияқты қауіпті тұстарын атап өтті. Іс-шара аясында Қазақстандағы діни бірлестіктердің статистикасы мен ресми діни білім алу мүмкіндіктері, соның ішінде «Нұр-Мүбарак» университеті мен мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының маңызы айтылды. Осындай мазмұнды іс-шаралар жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, құқықтық мәдениетті нығайтуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының эдвайзерлері Иляшова Г.К., Тұраров Д.Р., Сәрсенова Ә.Ж.
Басқа жаңалықтар