Наурыз мейрамы – ұлттық жаңғыру мен бірлік мерекесі!
БҰҰ-ның Тұрақты дамудың 3-мақсаты: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және 11-мақсаты: «Тұраты қалалар және елді мекендер» мақсаттарына сәйкес 2026 жылдың 18 наурыз күні «Экономика» кафедрасы факультет студенттері мен оқытушыларының қатысуымен «Наурыз мейрамы – қазақ халқының ежелгі мерекесі» атты танымдық іс-шара өткізді. Шараның басты мақсаты – жастарға Ұлыстың ұлы күнінің тарихи маңызын, салт-дәстүрлеріміз бен мәдени құндылықтарымызды насихаттау.
Іс-шара барысында Наурыз мейрамының құндылығы мен оның «жаңа күн» деген мағынаны білдіретіні туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттер Мерекенің табиғи және ғылыми маңызын, күн мен түннің теңесуі кезеңіндегі көктемгі жаңару сипатын талқылап, ұлттық ерекшелігімізді айшықтады.
Мерекелік шара аясында халқымыздың төл дәстүрлеріне ерекше назар аударылды: Наурыз көже дайындау, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер ерекшеліктері.
Іс-шара студенттердің бойында табиғатты құрметтеу сезімін оятып, ұлттық дәстүрлердің сақталуына және жаңа бастамаларға шабыт алуына жол ашты.
Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының эдвайзерлері Иляшова Г.К., Тұраров Д.Р.
Басқа жаңалықтар