"Дүниежүзілік метеорологиялық күн - мұхит, біздің климат және ауа райы" атты мерекелік эдвайзерлік сағат

24 наурыз, 2021

2021 жылдың 23-ші наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Метеорология және Гидрология кафедрасының "Метеорология" мамандығының 3-курс студенттері мен эдвайзерлері Дүниежүзілік метеорология күніне орай ZOOM платформасында "Дүниежүзілік метеорологиялық күн-мұхит, біздің климат және ауа райы" атты мерекелік эдвайзерлік сағат ұйымдастырды.

Эдвайзерлік сағат барысында студенттер әдемі құттықтаулар айтып, мамандық бойынша құрастырған мақал-мәтелдерін оқып, жұмбақтар жасырып, өлең шумақтарын арнады. Сондай-ақ құттықтау видеоматериалдары көрсетілді. Мерекелік эдвайзерлік сағат оқытушылар мен студенттерге ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен бірге "Наурыз"мерекесіне де орай құттықтаулар мен жылы тілектер айтылды.