- Басты бет
- Жаңалықтар
- «БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Құрметті әріптестер!
Сіздерді б.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Тулеуханов Султан Тулеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған «Биология және биотехнологияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияға баяндамалар ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылыми жаңалықтар ұсынуға болады.
Конференцияда Сіздерді көретінімізге қуаныштымыз!
Ұйымдастыру комитеті
Конференция секциялары:
№ 1 секция. Биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың өзекті мәселелері
№ 2 секция. Биотехнология, микробиология және экологияның өзекті мәселелері.
№ 3 секция. Биоалуантүрліліктің және биологиялық ресурстардың өзекті мәселелері.
№ 4 секция. Молекулалық биология және генетиканың өзекті мәселелері.
№ 5 секция. Қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері.
Конференцияның өтетін күні: 27 мамыр 2021 ж.
Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Әл-Фараби» кітапханасы, 4 қабат
Конференция форматы: гибридті формат (онлайн және оффлайн)
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Ұсынылған мақалаларға жүргізілген сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша электронды және кітаптық форматта конференцияның жинағы шығарылады.
Конференцияның тіркелу жарнасы
Конференцияға қатысу тегін. Конференция соңында қатысушыларға сертификат беріледі.
Басқа жаңалықтар

