«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

27 сәуір, 2021

Құрметті әріптестер!

Сіздерді б.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Тулеуханов Султан Тулеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған «Биология және биотехнологияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға баяндамалар ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылыми жаңалықтар ұсынуға болады.

Конференцияда Сіздерді көретінімізге қуаныштымыз!

Ұйымдастыру комитеті

 

Конференция секциялары:

 

      № 1 секция. Биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың өзекті мәселелері

     № 2 секция. Биотехнология, микробиология және экологияның өзекті мәселелері.

     № 3 секция. Биоалуантүрліліктің және биологиялық ресурстардың өзекті мәселелері.

      № 4 секция. Молекулалық биология және генетиканың өзекті мәселелері.

      № 5 секция. Қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері.

Конференция инф.каз.docx

Конференцияның өтетін күні: 27 мамыр 2021 ж.

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Әл-Фараби» кітапханасы, 4 қабат

Конференция форматы: гибридті формат (онлайн және оффлайн)

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын

Ұсынылған     мақалаларға    жүргізілген     сараптамалық     бағалау    нәтижелері     бойынша электронды және кітаптық форматта конференцияның жинағы шығарылады.

Конференцияның тіркелу жарнасы

Конференцияға қатысу тегін. Конференция соңында қатысушыларға сертификат беріледі.