IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Туризм және қонақжайлылық саласындағы
білім және зерттеулер жөніндегі
халықаралық конференция
Іс-шара 2021 жылдың 18-19 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.
Конференцияға қатысушылар, қош келдіңіздер!
2021 жылдың 18-19 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы серіктес жоғары оқу орындары мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл және кафедраның құрылғанына 25 жыл толуына орай «Туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру және зерттеулер жөніндегі халықаралық конференцияны» өткізеді.
Конференция тұрақты даму контекстінде туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру және зерттеу қызметімен байланысты көптеген мәселелерді тиімді талқылауға бағытталған.
Конференцияның мақсаты – COVID–19 пандемиясына байланысты карантиндік шаралардың салдарын қоса алғанда, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, туризм мен қонақжайлылықтың өзекті мәселелері, олардың тұрақты дамуы, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және туристік дестинацияларды басқару стратегиялары, кәсіби білім беру қызметінің тәжірибесі, цифрлық технологияларды қолдану және Ұлы Жібек жолында туризмді дамыту бойынша ғылыми пікірсайыс негізінде ғалымдар мен практик мамандардың пікірлерін талқылау және шоғырландыру.
Конференцияға қатысу үшін отандық және шетелдік ғалымдарды, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын, туризм және қонақжайлылық саласының тәжірибелі мамандарын, мемлекеттік бейінді ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдерін, докторанттар, магистранттар мен студенттерді шақырамыз.
Қосымша ақпарат бойынша: https://icerth.com/
Басталуы: 10.00, 2021 жыл 18-19 қараша. ЗУМ
Конференция идентификаторы: 856 4717 0647
Қосылу коды: 603020
Конференцияға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/85647170647?pwd=a3YrQ0tsTHYzSUNQTTJkTCs4K1M4UT09
Басқа жаңалықтар


