Мектеп бітірушілеріне болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі

13 қазан, 2023

ТДМ. 4 Сапалы білім

2023 жылдың 13 қазан күні Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінде қонақта Еңбекші қазақ ауданы Есік қаласың Рахымжан Тоқатаев атындағы орта мектепбі әкімшілігі мен ұстаздары да қатысқан кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде тарих факультетінің деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы,  Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Терекбаева Жазира Махмудовна, тарих факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасының т.ғ.к, доцент Омаров Ғани Қалиханұлы, Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы. Қонақ ретінде, Рахымжан Тоқатаев атындағы орта мектептің Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Қасымбекова Жадыра Жақыпбекқызы, тарих пәнінің мұғалімі Өміржан Ерғалым Мұсаұлы, Дуйсекеева Қарлығаш Амантайқызы және басқада мектеп ұстаздары қатысты. Кездесуде сөз алған, тарих факультетінің деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы, «Тарих» мамандықтарының ерекшеліктеріне тоқталып, аталмыш мамандықтың болашағы зор екенін, мамандықтың ауқымы кең екендігіне, көптеген салалаларда, мекемелерде қызмет атқаруға болатынына тоқталды.

Сонымен қатар т.ғ.к, доцент Омаров Ғани Қалиханұлы,  ежелгі дәуірдегі археологиялық қазба жұмыстары, отарлау тарихындағы өзекті мәселелер, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және қалпына келтіру салаларындағы ғылыми мәселелер ортаға салынып, болашақта халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру керектігіне тоқталды.  Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы жоғары сынып оқушыларын білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен таныстырып, болашақта қандай мамандық иесі болатыны туралы бағыт-бағдар берді. Кездесу барысында мектеп оқушылары болашақ мамандықты таңдау туралы сұрақтар қойып, тиісті жауап алды. Сондай-ақ екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойлды.