Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына баруFarabi University

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына бару

12 қараша, 2023

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай 2023 жылдың 20-қазанында «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1 курс студенттері куратор-эдвайзер Г.А. Арыновамен бірге «Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына» барды. Мұражай-Үйі қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынов 1934-1937 жылдары тұрған. Студенттер Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолымен, еңбектерімен танысты. Мұражай-үйі үш бөлмеден тұрады: бұрынғы асхана, балалар бөлмесі және отбасы басшысының кеңсесі. Ең үлкен және ең жарқын екі залда Байтұрсыновтың отбасы, оның достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттердің түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылған. Студенттерге мұражай қатты ұнады, Ұлы Ұстаз туралы білімдерінің толыққанына риза болды.