ҚазҰУ-дың тағы бір ғылыми журналы Scopus деректер базасына енді

16 желтоқсан, 2023

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жақсы жаңалығымен бөліседі – Механика және математика факультетінің журналы «ҚазҰУ хабаршысы. «Математика, механика және информатика сериясы» ең үлкен ғылыми деректер базасы Scopus-қа енді. Бұл ҚазҰУ-дың интернационалдандыру және зерттеу университетін қалыптастыру бағытының дәйектілігін дәлелдейді.

 «ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика және информатика сериясы» ғылыми басылымы математика, механика және ақпараттық технологиялар саласындағы соңғы өзекті мәселелер мен жетістіктерді жариялайды. Журналының редакциялық алқасын жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың құрайды. Scopus-пен қатар журнал CrossRef, EBSCO, DOAJ, РИНЦ, сондай-ақ Web of Science сияқты белгілі ғылыми-метриялық деректер қорларында да индекстеледі. 2022 жылы журнал Web of Science деректер базасына енгізіліп, биыл индекстеу базасының бірінші импакт-факторын алды. Журналдың жарияланымдары беделді халықаралық конференциялардың материалдарында және рейтингі жоғары ғылыми журналдарда сілтеме келтірілген.

Scopus – ғылыми басылымдардағы мақалаларға сілтеме жасау деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әлемдегі ең үлкен деректер базасы. Деректер базасында 5000 халықаралық баспалардың 20 мыңнан астам жарияланымдары бар. Scopus деректерінің сапасын ғылыми-зерттеу жұмысын бағалау үшін дерекқорды пайдаланатын жетекші университеттер мен ғылыми ұйымдар, сондай-ақ университеттердің әлемдік рейтингтерін құрастыру үшін рейтингтік агенттіктер мойындайды.

Scopus деректер базасындағы мазмұнды іріктеу бойынша Сараптамалық кеңестің іріктеу саясатына сәйкес, халықаралық аудиторияға қатысты журналда ғылыми мақалаларды жариялау журналды дерекқорға енгізудің маңызды және шешуші критерийі болып табылады. Осылайша, «ҚазҰУ хабаршысы. «Математика, механика және информатика» сериясы» зерттелетін салаға академиялық үлес, Scopus журналындағы мақалаларға сілтеме жасау, редакторлар мен авторлардың географиялық таралуы, жариялау этикасының анық және жалпыға қолжетімді мәлімдемелері сияқты т.б. бағалау критерийлері негізінде рецензияланып таңдалды.

«ҚазҰУ хабаршысы. «Математика, механика және информатикасериясы»  мақалалары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми беделін көтеруге, әсіресе Университетіміздің 90 жылдығы мерейтойына орай, лайықты үлес қосып келе жатқаны  Scopus деректер базасының Сараптамалық кеңесі тарапынан жоғары бағаланды.

Айта кету керек, «ҚазҰУ хабаршысы. «Математика, механика және информатика» сериясы» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Scopus мәліметтер базасына енгізілген бірінші хабаршысы, ал жалпы үшінші ғылыми басылымы болып табылады. Осыған дейін дерекқорда «International Journal of Mathematics and Physics» және «Physical Sciences and Technology» журналдары индекстеліп келеді. Тағы бір ғылыми журналдың беделді ғылыми деректер базасына қосылуы университеттің QS World University Rankings by Subject и Times Higher Education World University Ranking by Subject рейтингтерінде одан әрі ілгерілеуіне ықпал ететіні сөзсіз.

Ғылым және басылым белсенділіге басқармасы