Жаһандық денсаулық және жергілікті ерекшеліктер тұрғысынан қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының білім беру қажеттіліктеріFarabi University

Жаһандық денсаулық және жергілікті ерекшеліктер тұрғысынан қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының білім беру қажеттіліктері

24 наурыз, 2024

Цукуба университетімен (Жапония) ынтымақтастық аясында 2024 жылғы 13 наурызда Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, м.ғ.к., қаумдыстырылған профессор Усатаева Г.М. жапондық және қазақстандық студенттерге «Жаһандық денсаулық және жергілікті ерекшеліктер тұрғысынан қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының білім беру қажеттіліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Қолданыстағы бағдарламалар мен қоғамдық денсаулықты оқыту тәжірибесін талдау көрсеткендей, климатты, денсаулықты, әлемдегі экономикалық және саяси өзгерістерді ескере отырып, бағдарламаларды жүйелі түрде қайта қарау және толықтыру қажеттілігі бар. Жұмыс берушілердің пікірлерін ескеру, пәнаралық бағдарламаларды әзірлеу, белсенді және гибридті оқыту әдістерін қолдану, студенттерге практикалық дағдыларды меңгеруге көмектесу және өмір бойы білім алу маңызды.