«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»
2024 жылдың 30сәуірінде биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова А.Н.7М01504-Биология мамандығының 2 курс магистранттарымен «Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі» тақырыбы бойынша ТДМ4 шеңберінде инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін дамытумақсатында ОП тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Семинардамагистранттармен балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан,сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздеуге бағытталған сұрақтар бойынша мәселелер талқыланды. Семинар барысында арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының заңнамалары, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуы және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуы, қол жетімді орта құрылуы бойынша магистранттардың пікірлер қарастырылды.