«Жер және су экожүйелерін планетаның тұрақты пайдалануы, климаттың өзгеруі»
2024 жылғы 28 қыркүйегінде Биология және биотехнология факультеті, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы Казакбаева А.Ш. 6В05108-Нейроғылым мамандығының 2 курс студенттерімен «Жер және су экожүйелерін планетаның тұрақты пайдалануы, климаттың өзгеруі» тақырыбында іс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты климаттың өзгеруі жағдайында жер үсті және су экожүйелерін тұрақты пайдалануды зерттеу және насихаттау болып табылады.
Жер және су экожүйелерін тұрақты пайдалану – бұл табиғи ресурстарды қоршаған ортаға зиян келтірмей, ұзақ мерзімді болашақта сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдер жиынтығы. Қазіргі кезде климаттың өзгеруі осы экожүйелерге үлкен қауіп төндіруде.
Климаттың өзгеруі жер бетінің температурасының көтерілуіне, теңіз деңгейінің өсуіне және жауын-шашынның ауытқуына алып келуде. Бұл ауыл шаруашылығы, ормандар және биологиялық әртүрлілік сияқты маңызды экожүйелерге әсер етеді. Климаттың өзгеруі су экожүйелеріне де айтарлықтай ықпал етеді. Мысалы, мұздықтардың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуі теңіздердің, өзендердің және көлдердің биологиялық тепе-теңдігін бұзады, бұл жануарлар мен өсімдіктердің мекендеу ортасын өзгерте алады.
Жер және су экожүйелерін планетаның тұрақтылығын сақтаудың шешімі тұрақты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына көшу. Қалдықсыз өндіріс технологияларын дамыту. Климаттың өзгеруіне бейімделу және оны жұмсарту саясатын іске асыру.