ҚазҰУ студенттері шахматтан жарыста 2-орынға ие болды        Farabi University

ҚазҰУ студенттері шахматтан жарыста 2-орынға ие болды        

20 қазан, 2024


ТДМ 3 МАҚСАТ – ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУЕТТІКті жүзеге асыру аясында 2024 жылғы 16-17 қазан аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында дәстүрлі түрде өткізілетін көлік саласы қызметкерлерінің XI «KAZLOGISTICS» жастар форумы өтті. Биыл Алматыдағы бұл басқосу да жоғары деңгейде өтті. Маңызды форумға бірқатар оқу орындарының үздік, ең белсенді студенттері қатысып, бақтарын сынады. Білім мен білік сыналған форумға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Логистика» мамандығының 4-курс студенттері қатысты. Бұл шарада жыл сайын жүлделі орындарға ие болып жүрген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері өз білімдері мен басымдықтарын көрсетіп, форумның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, форум аясында шағын футболдан, үстел теннисінен және шахматтан спорттық жарыстар өтті. Ақыл-парасаты мен қабілеттері сыналған бұл сайысқа «Логистика» мамандығының 4-курс студенттері де қатысып, өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетті. Шахмат сайысында студенттеріміз Тускенова Мадина, Мохаммад Кайс Хатиби, Хасибулла Бадгиси және магистрант Мұрат Нұрдәулет 2-орынды иеленді. Аталмыш форумға студенттердің қатысуына дайындықты «Бизнес технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., оқытушылар Әбдікүл Ш.Н., Болтаева А.Ж., Баймұханбетова Э.Е., сонымен қатар «Логистика (салалар бойынша)» мамандығының 1-курс магистранты Мұрат Н.М ұйымдастырды.