Мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстандағы су ресурстарының проблемаларыFarabi University

Мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстандағы су ресурстарының проблемалары

21 қазан, 2024

«Экономика» кафедрасында 16.10.2024 жылы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 6 – Таза су және тазалық, ТДМ – 14 Теңіздің экожүйесін сақтау) мақсаттарына сай «Ұлттық экономика» оқыту пәні шегінде бинарлық қонақ дәріс сабағы өткізілді. «6В04103 – Экономика» мамандығының 4-курс студенттеріне Трансшекаралық су ынтымақтастығының Қазақ филиалы бойынша сарапшысы, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы Ғылыми-ақпараттық орталығының өкілі Яхияева Құралай Қалмағанбетқызымен қонақ дәріс өткізілді. Кездесу барысында «Мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстандағы су ресурстарының проблемалары» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс барысында Құралай Қалмағанбетқызы Қазақстанның су аймағы бөліктеріндегі  су ресурстарының жетіспеушілігімен байланысты проблемаларды қозғады. Сондай-ақ сарапшы бұл мәселенің ұлттық экономика дамуындағы рөлін аша отырып, жаңа технологиялар мен су ресурстарын басқару тәсілдерінің су дағдарысымен күресуге қалай көмектесе алатыны туралы ойларымен бөлісті.

Дәріс студенттер арасында жақсы қызығушылық тудырды, олар өзекті мәселелерді сарапшымен талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, су саясатының күрделі жақтарын терең түсіне алды.

Ұйымдастырушы: Phd, аға оқытушы Иляшова Г.К.