«GREEN CAMPUS» жобасыFarabi University

«GREEN CAMPUS» жобасы

14 қазан, 2024

2024 жылдың 14 қазанында «GREEN CAMPUS» жобасы аясында «Биология» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасында абаттандыру іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің Қазақстандағы экологиялық инновацияларды ілгерілету, қолдау және енгізу құралдарының бірі ретіндегі «Жасыл қалашық» ұғымы туралы түсініктерін дамыту, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) 15 сәйкес қоршаған ортаны қорғауға патриоттық көзқарасты қалыптастыру.
Іс-шараның екінші мақсаты – жастардың әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігін дамытуға ықпал ететін студенттерді қоғамдық жұмыстарға тарту болды.