"АТЛЕТИКО МАДРИД" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА ӨТТІFarabi University

"АТЛЕТИКО МАДРИД" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА ӨТТІ

23 қазан, 2024

2024 жылғы 23 қазанда медицина және денсаулық сақтау факультетінің Дене тәрбиесі кафедрасының Қазақстандағы "Атлетико Мадрид" футбол клубының Испания академиясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу тұрақты даму мүддесінде әріптестікті іске асыру мақсатында өтті. "Атлетико Мадрид" футбол клубы академиясының өкілдері Хавьер Гонсалес - Халықаралық жобалар бойынша менеджер, Карлос Агирре - спорт үйлестірушісі, Мансұров Тұлпар – халықаралық ынтымақтастық жетекшісі Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер футбол академиясын ашу бойынша өз жобасымен бөлісті. Осы кездесудің қорытындысы бойынша "Атлетико Мадрид" футбол клубы академиясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен халықаралық ынтымақтастығы туралы мәселе талқыланды. Университет пен академияның ынтымақтастығы серіктестіктің әртүрлі бағыттарын қарастырады: испан тілінде сөйлейтін клуб құрудан бастап магистратураға арналған арнайы бағдарлама түріндегі маңызды бірлескен жобаларға дейін, сондай-ақ Академия базасында білім алушылар үшін ғылыми-практикалық тағылымдамаларды ұйымдастыру.