Тоғызқұмалақтан жарысFarabi University

Тоғызқұмалақтан жарыс

24 қазан, 2024

23.10.2024 жылы сағат 19.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №14 жатақханасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті студенттері Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарындағы №3-ші «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға орай, ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерей тойына және 25-қазан Республика күніне орай, ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ ойыны – адамның ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын, әрі математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын ойын. Ол ежелгі түркілер қасиетті санаған 9 санына негізделген. Ойын жылдамдық пен әдіс-тәсіл санауға құрылған. Тоғызқұмалақ жарысын өткізудің мақсаты: студенттер арасында Ұлттық ойынды жандандыру, қызығушылығын арттыру,  ұлттық ойын түрлерін дәріптеу, ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімін молайту. Тоғызқұмалақ жарысынан жеңімпаз атанған студенттерге мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар берілді.