Қытайдың Қорғас қаласында өткен «Қазақстан-Қытай экономикалық және сауда ынтымақтастығы» тақырыбындағы халықаралық форумFarabi University

Қытайдың Қорғас қаласында өткен «Қазақстан-Қытай экономикалық және сауда ынтымақтастығы» тақырыбындағы халықаралық форум

27 қазан, 2024

Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты «Сапалы білім беру», 8-ші мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және 17-ші мақсаты «Тұрақты даму үшін серіктестікке» сәйкес, 2024 жылы 24-25 қазан күні Қытай елінде (Қорғас қаласы) «Қазақстан-Қытай экономикалық және сауда ынтымақтастығы» тақырыбында өткен халықаралық форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Керімбек Ғалымжан Есқараұлы қатысып, «Қазақстан мен Қытай елінің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі басымдылықтары» тақырыбында баяндама жасады.

Форумды Синьцзян қаржы-экономикалық университеті, Қорғас қалалық әкімшілігі, Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті, Конфуций институты ұйымдастырды. Форумға Қытайдың бірнеше университеті мен ғылыми-зерттеу мекемесінің және Қытай компаниясының өкілдері, Қорғас қалалық әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.

Форумның мақсаты – Қазақстан мен Қытай университетінің аясында халықаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайту, профессор-оқытушылар құрамының өзара тәжірибе алмасуы, академиялық ұтқырлық негізінде білім беру үдерісін жандандыру болып табылады.