БҰҰ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жаңа әлемдік күн тәртібі – «Әлемді трансформациялау: 2030 жылға дейінгі мерзімге тұрақты даму саласында күн тәртібі» қабылданды, онда БҰҰ (ТДМ БҰҰ) тұрақты дамудың 17 мақсаты қамтылған.
Қабылданған мақсаттардың ерекшеліктерінің бірі - олар тек үкіметтерге ғана емес, сонымен қатар әлемдегі тұрақты даму процесінің басқа да қатысушыларына - бизнеске, азаматтық қоғамға, барлық жеке тұлғаларға арналған. ТДМ - бұл кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 110-тобы эдвайзер Бакиров Д.А. басшылығымен БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын талқылады.
БҰҰ ТДМ талқылау барысында студенттерге олар туралы ақпарат беріліп, кәсіпкерліктің негізі бойынша және креативті ойлауды дамыту тренингі өткізілді. Тренингтің мақсаты - жастардың кәсіпкерлік қабілетін дамытуға және анықтауға, кәсіпкерлік ойлауды дамытуға бағыттау болып табылады. Тренинг барысында студенттер еліміздегі және әлемдегі танымал бизнес кейстерді жан-жақты талқылап, қызу пікір талас жасап өз ойларымен бөлісті. Тренинг нәтижесінде студенттер бизнес мүмкіндіктерді, бәсекелі бизнес орта құралдарын табу және бағалау, кәсіпкерлік жобаларды дамыту дағдыларына ие болады.