Farabi университетінің шетел ЖОО-мен ынтымақтастығын нығайту шеңберінде Экономика кафедрасы академиялық ұтқырлықты дамытадыFarabi University

Farabi университетінің шетел ЖОО-мен ынтымақтастығын нығайту шеңберінде Экономика кафедрасы академиялық ұтқырлықты дамытады

28 қазан, 2024

БҰҰ-ң Тұрақты даму мақсаттарын барлық елдер бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатын жақсарту және планетамызды қорғауды күшейту үшін жүзеге асыратыны белгілі. Осыған байланысты ЭжБЖМ Экономика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Сапалы білім» 4-ші және 17 ТДМ қол жеткізуге белсенді үлес қосуда.

Баршаға мәлім, Farabi University өзінің тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде көптеген жетік шетел университеттерімен әрдайым ынтымақтастығын арттыруда. Шетел университетерімен құрылған келісімшарттар негізінде университеттің ПОҚ академиялық ұтқырлығын жүзеге асырады. Осы бағытта Экономика кафедрасының аға оқытушысы Рахматуллаева Динара Жақсылыққызы қыркүйек айында Италиядағы Падуа университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл тағылымдама Экономика кафедрасында жүзеге асырылатын ҚР ҒЖБМ арқылы қаржыландырылатын АР19683020 "Еуразия өңіріндегі елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу" жобасы арқылы қаржыландырылды. Динара Жақсылыққызы Падуа университетінің профессоры Дэвид Челеттимен бірлесіп жобаның ғылыми мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдарымен белсенді жұмыс жасады. Осы тағылымдама барысында Рахматуллаева Д.Ж. профессормен бірге Италия мен Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарының әртүрлі экономикалық қызмет аясындағы шоғырлану индекстерін есептей отырып салыстыруға тырысты. Профессор Дэвид Челетти Экономика кафедрасымен көптен бері бірлесіп жұмыс істейді және кафедра ПОҚ бірігіп әртүрлі экономикалық мәселелер бойынша басылымдарды жариялайды. Бұл тағылымдама болашақта Экономика кафедрасының Падуа университетімен ынтымақтастығының жаңа нысандарын дамытуға ықпал ететін болады.