Тұрақты дамудың 13-мақсаты – “Климаттың өзгеруімен күрес” тақырыбы аясында семинар сабағы өттіFarabi University

Тұрақты дамудың 13-мақсаты – “Климаттың өзгеруімен күрес” тақырыбы аясында семинар сабағы өтті

23 қазан, 2024

23 қазан 2024 жылы ҚазҰУ заң факультетінің қаржы, кеден және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Ж. М. Аманжолов 1-курс магистранттарымен “Экологиялық құқықтың өзекті мәселелері” пәні бойынша сабақ өткізді. Сабақ Тұрақты дамудың 13-мақсаты – “Климаттың өзгеруімен күрес” тақырыбы аясында өтті. Сабақ барысында климаттың өзгеруімен күрестегі экологиялық құқықтың рөлі туралы айтылды.
Оқытушы парниктік газдарды азайту және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудегі құқықтық механизмдерді түсіндірді. Климаттық келісімдер мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелері қаралды. Магистранттар экологиялық заңнаманы жетілдіру және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың құқықтық аспектілері бойынша пікір алмасты. Сабақта Париж келісімінің талаптары және оның елдің заңнамасына әсері талданды. Оған қоса, Орта Азия елдерінің климаттық саясатты жүргізудегі өзара қарама-қайшылықтары туралы айтылды. Мемлекеттік және жеке сектор арасындағы экологиялық әріптестіктің маңызы атап өтілді. Сондай-ақ, жасыл экономика мен жаңартылатын энергия көздеріне көшу қажеттілігі сөз болды. Оқытушы климаттық дағдарысқа байланысты құқықтық нормалардың халықаралық тәжірибесін салыстырды. Магистранттар экологиялық құқықтың Тұрақты дамудағы рөлі туралы өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар климаттық саясатты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтып, сабақты қорытындылады.