ҚазҰУ-да алғаш рет «Кампустағы кампус» жыл сайынғы отырысы басталды

30 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғаш рет жыл сайын өткізілетін «Кампустағы кампус» (СіС) отырысы басталды.  

«Кампустағы кампус» бастамасы – бұл ғылыми-зерттеу және білім беру ресурстарының серіктес университеттерінің кампустарын ұлттық немесе институционалдық кедергілерсіз бөлісу схемасы. Сонымен қатар бастама студенттердің, оқытушылардың ұтқырлығын дамытуға және әкімшілік қызметкерлердің  біліктілігін арттыруға бағытталған.

Отырысқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының өкілдері, көрнекті ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Цукуба университеті, Тайвань ұлттық университеті, Чен Кунг ұлттық университеті (ҚХР), Малайзия технологиялар университеті, Малайзия-Жапония халықаралық технологиялар институты, Бохумдағы Рур университеті (Германия), Сан-Паулу университеті (Бразилия) сияқты т.б.  серіктес жоғары оқу орындарының делегациялары қатысты.

Шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашты. «Кампустағы кампус» бастамасының жыл сайынғы отырысы алғаш рет ҚазҰУ-да өтуде және биыл оқу орнының құрылғанына – 90 жыл. «Кампустағы кампус» жобасы бойынша ҚазҰУ Цукуба университетімен тығыз байланыс орнатқан. «Кампустағы кампус» бастамасы – бұл жай ғана жоба емес, оқытушылар мен студенттер үшін бірегей алаң. Бүгін біз өзара әрекеттесудің жаңа деңгейіне және ашық диалогқа негіз қалаймыз. Біз елдеріміздің ілгерілеуіне ықпал ететін бірлескен зерттеулер жүргізуге ниеттіміз. Біз студенттеріміз бен оқытушыларымыздың үздік әлемдік тәжірибелерге, заманауи технологияларға және бірегей білімге қол жеткізуіне ұмтыламыз.  «Кампустағы кампус» сияқты бастамалар арқылы біз ғылыми және білім беру ресурстарының сапалы алмасуын қамтамасыз ете аламыз», – деді ҚазҰУ ректоры.

Цукуба университетінің президенті Нагота Кесуке университеттер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталып, мәдениетаралық ынтымақтастық қазіргі білім беруде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Ол жапон және қазақ білімі арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге үміт білдірді.

Бұдан әрі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруге, білім беру бағдарламалары мен алмасу механизмдерін интеграциялауға байланысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ «Кампустағы кампус» бастамасы шеңберіндегі алдағы уақыттағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Форум аясында  шараға қатысушы қонақтар «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» зертханасының жұмысымен және «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығымен танысады. «Кампустағы кампус» жыл сайынғы отырыстың жұмысы ертең жалғасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі