Қазіргі уақытта шетел тілдерін тиімді үйрену үшін әртүрлі платформалар бар. Бағдарламалық қамтамасыз ету, түрлі мобильді қосымшалар және технологиялардың дамуы арқасында көптеген басқа мүмкіндіктер қолжетімді.
2024 жылғы 29 қазанда, Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты аясында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Тілді тиімді үйрену платформалары: Google Forms және Wordwall» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты қатысушыларды шетел тілдерін оқытудың тиімділігін арттыратын заманауи цифрлық құралдармен таныстыру болды. Семинардың міндеттеріне интерактивті сауалнамалар мен тесттер жасау үшін Google Forms-тың функционалдық мүмкіндіктерін көрсету және Wordwall-ды қызықты ойындық жаттығуларды әзірлеу үшін пайдалану болды. Қатысушылар осы платформалармен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын меңгеріп, білім беру процесіндегі қолдану бойынша үздік тәжірибелерді талқылады және технологияларды оқытуға интеграциялау бойынша тәжірибе алмасты, бұл өз кезегінде оқытудың сапасын және студенттердің ынталарын арттыруға көмектеседі.