«Адам, Ұстаз, Ғалым және Философтың жарқын бейнесі» атты халықаралық дөңгелек үстел

28 қыркүйек, 2024

 

Биыл 2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл толып отыр. Осы орасан зор оқиғаны мерекелеу аясында университет бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлады. Осыған байланысты Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдениеттану білім беру бағдарламасының 2-3 курс докторанттарымен бірлесіп 2024 жылдың 28 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Қасым Халлиулинұлы Рахматуллиннің 104 жылдығына арналған «АДАМНЫҢ, ҰСТАЗДЫҢ, ҒАЛЫМНЫҢ ЖӘНЕ ФИЛОСОФТЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Профессор К. Х. Рахматуллин үздік педагогтың бірі болды. Ғылыми-педагогикалық қызметі жылдарында ол жүздеген, тіпті мыңдаған мамандарды білім нәрімен сусындатты. Нәтижесінде, оның жетекшілігімен 60-тан астам ғылым кандидаттары мен докторлары өз диссертацияларын сәтті қорғады.

Профессор К. Х. Рахматуллиннің ғылыми зерттеулерінде жаратылыстану-ғылыми негіз бен философиялық тереңдік біртұтас үйлескен. Негізгі ғылыми қызығушылықтары: жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелері, (ең алдымен астрономия), диалектика принциптері, онтология, ғылыми-техникалық революция және әлемнің ғылыми бейнесі.

Профессор К. Х. Рахматуллин ХХ ғасыр философиясындағы – Қазақстандағы ғылым философиясындағы жаңа ағымның негізін қалап, сол кездегі жаңа теориялық идеяларды ұсынды. Оның астрономия және космонавтика бойынша жұмысы кеңестік, отандық және шетелдік ғалымдар арасында кеңінен танылып, американдық Аэронавтика агенттігінің NASA астрономия және космонавтика мәселелері бойынша жұмыс библиографиясына енгізілді.

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысы келесідей бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізді.

  • Соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдегі проф. К. Х. Рахматуллиннің әскери еңбектері.
  • Қазіргі ғылым философиясында профессор К.Х. Рахматуллиннің философиялық-дүниетанымдық идеяларды өзектендіру мәселесі.
  • ХХІ ғасырдағы сын-қатерлер мәселелерін түсінудегі философиялық білімнің әлеуеті. «COVID» алдындағы және кейінгі әлем.
  • Адами капитал және әлем мен Қазақстанда заманауи пайдеи (оқыту мен тәрбиелеу моделін) қалыптастыру.
  • Табиғи және әлеуметтік қатынастар мәселесін зерттеудің философиясы мен әдістемесі.

Дөңгелек үстел аясында «Қ.Х. Рахматуллиннің әскери және еңбек ерліктері», «Профессор Қ.Х. Рахматуллиннің идеяларын жаңарту, дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру мәселесі», «Дүние жүзіндегі және Қазақстанда адами капитал және заманауи падеяның (оқыту мен білім беру үлгілерінің) қалыптасуы», және «К.Х. Рахматуллин туралы жарқын естелік» тақырыбындағы баяндамалар оқылды.

Дөңгелек үстелге Халықаралық жоғары оқу орындарының профессорлары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамы мен докторанттары қатысты. Дөңгелек үстелде Философия, этика және Мәдениеттанудың дамуына баға жетпес үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасым Халлиулинұлы Рахматуллиннің ғылыми мұрасына ерекше назар аударылды. Оның адамгершілік, әлеуметтік жауапкершілік және мәдениет пен ғылымның өзара іс-қимылы мәселелеріне арналған еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті және маңыздылығын жоғары екендігі айқындалды.

Халықаралық дөңгелек үстел Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихи ерекшелігін және профессор Қасым Рахматуллиннің Қазақстанның ғылымы мен мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесін атап өткен маңызды іс-шара болды. Аталмыш дөңгелек үстел ғылымдағы сабақтастықтың маңыздылығын ескеріп халықаралық сабақтастықтың бастамасы болды.

 

Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға: Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Исмагамбетова З.Н. -философия ғылымдарының докторы, профессор, Құдайбергенов С. Е. - магистр, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2-3 курс докторанттары Базашева С., Хасиетова Ж. Ж., Нарымбаев Қ. қатысты.

Дөңгелек үстелдің YouTube-те трансляциясы https://www.youtube.com/watch?v=PKnljxhUo0M