Зорлық, зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалтуFarabi University

Зорлық, зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалту

31 қазан, 2024

29 қазан күні ТДМ-16 жүзеге асыру мақсатында “Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” мемлекеттік мекемесінің “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік көмек көрсету» орталығында “Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалту бағдарламасы: ресурстық модульді орталықтар желісін тәжірибелік енгізу” жобасы аясында іс-шара өткізілді. 
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің “Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы” және “Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика” кафедрасының ғалым-заңгерлері, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,  “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік көмек көрсету орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Еңбек ресурстарын талдау орталығы мен Алматы облысының полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. 
Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған ана мен бала құқықтарын қорғаудың кедергілері талқыланып, оны шешудің негізгі тетіктері айқындалды. Ана мен балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері ортаға салынып, ғалым-заңгерлер пікір алмасты және психологиялық, құқықтық көмек көрсетуде қолданылатын бірқатар заңнамалық әдістермен бөлісті. Іс-шара қатысушылары аталмыш мәселеге байланысты қызметтерді үйлестіру және дамыту бағыттарын айқындайтын резолюция қабылдады.