Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметFarabi University

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет

31 қазан, 2024

2024 жылғы 31 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы  Ж.А. Кегембаева ашық дәріс өткізді. Әкімшілік құқық курсы аясында өткен дәріс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелеріне арналды.

Сабақ барысында мемлекеттік қызметті құқықтық реттеудің негізгі аспектілері, мемлекеттік қызметшінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі және еліміздегі мемлекеттік қызметті реформалауға қатысты өзекті мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды.

Дәрістің ерекше маңыздылығы оның «Мемлекеттік қызмет» және «Құқық қорғау қызметі» бағыттары бойынша оқып жүрген 2-курс студенттеріне бағытталуында көрініс тапты. Профессор Ж.А. Кегембаева мемлекеттік қызметті реттейтін құқықтық нормаларды терең меңгерген және түсінетін болашақ мамандарды даярлау Қазақстандағы тиімді құқықтық тәжірибені дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Студенттер жаңа тақырыпты үлкен қызығушылықпен қабылдап, оны талқылауға белсенді қатысты. Дәріске қатысқан факультет оқытушылары мазмұнды әрі қызықты дәрісті жоғары бағалап, осындай тәсілдің пәнді терең түсінуге және студенттердің әкімшілік құқықты одан әрі меңгеруге деген ынтасын арттыруға ықпал ететіне назар аударды