
2024 жылғы 01 Қарашада з.ғ.к., доцент, "мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының меңгерушісі К. Р. Усеинова жоғары білім беру мәселелеріне арналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиттіне қатысты.
Саммитке QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігінің Бас коммерциялық директоры Джейсон Ньюман, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ЕАЭО және QS жаһандық Үкіметі елдеріндегі клиенттермен әріптестік жөніндегі өңірлік директор Сергей Кристолюбов қатысты.
Қатысушыларға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық университеттердің жоғары білім және ғылым саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Министр QS әлемдік рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті.
QS саммиті жоғары білімнің болашағын қалыптастыруда және заманауи сын-қатерлерді шешуге дайын мамандардың жаңа буынын дайындауда шешуші рөл атқарады.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы