"Бухгалтер мамандығы: өсу мүмкіндіктері мен перспективалары" тақырыбында дәрісFarabi University

"Бухгалтер мамандығы: өсу мүмкіндіктері мен перспективалары" тақырыбында дәріс

2 қараша, 2024

01.11.2024 жылы сағат 11:00-де ТДМ 4 "Сапалы білім" және ТДМ 8 "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу" аясында "Қаржы және есеп" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ж. Жүнісова " Есеп және аудит" мамандығының 4 және 2 курс студенттері үшін "Бухгалтер мамандығы: өсу мүмкіндіктері мен перспективалары" тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды. Шақырылған спикер-Қазақстан Республикасы Кәсіби бухгалтерлер палатасының даму жөніндегі директоры Тимур Алдбекұлы Тугаев. Спикер студенттерге Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер Палатасы, Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы (IFAC - International Federation of Accountants) - әлемнің 130-дан астам елінен бухгалтерлік кәсіп өкілдерін біріктіретін жаһандық ұйым туралы айтып берді. 2011 жылдан бастап "Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер Палатасы" Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (IFAC) мүшесі болып табылады. Студенттер халықаралық кәсіби сертификаттарды қалай алуға болатынын, мансаптық мүмкіндіктер туралы білді. Олар сондай-ақ өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды, мысалы: "Бухгалтер еңбек нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуы керек?", "Бухгалтердің еңбекақысы сертификаттардың болуына байланысты ма?", "Оқу қанша тұрады?", "Сертификаттар алудың болашағы қандай?». және т. б.