МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН ҚОНАҚ ДӘРІС

2024 жылы 11 қараша күні сағат 14:00-де Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты «Сапалы білім беру», 8-ші мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және 17-ші мақсаты «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Керімбек Ғалымжан Есқараұлының «Салық әкімшілігін жүргізу» пәні бойынша «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларының қатысуымен қонақ дәріс өтті. Қонақ дәріске Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Албаева Айжан Нажманқызы мен Өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімінің жетекшісі Есенжігітов Әсет Жақыпұлы шақырылды.
Дәрісте Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің қабылдану мен жүзеге асырылу, салықтық әкімгершілік пен салықтық бақылаудың цифрландыру барысы, салық саясатындағы заманауи жаңашылдықтар кеңінен қарастырылып талқыланды.
Білім алушылар тарапынан өзекті мәселелер бойынша бірнеше сұрақтар қойылып, аудиторияда кері байланыс орнады. Салық қызметі органдарына жастарды тарту мен ынталандыру шаралары бойынша сұқбат орын алды.
Қонақ дәріс білім алушылар үшін өте пайдалы және әсерлі болды. Теориялық білімді кәсіби тәжірибелі мамандармен сабақтастыра ұштастыру – білім алушының қызығушылығы мен ынтасын арттыратыны ақиқат.
@bostan.salyq.kz
Басқа жаңалықтар

