- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық банкінің Алматыдағы тұрақты өкілдігі ЭжБЖМ студенттеріне бинарлық дәрістер өткізді
ҚР Ұлттық банкінің Алматыдағы тұрақты өкілдігі ЭжБЖМ студенттеріне бинарлық дәрістер өткізді
2024 ж. 11 қарашада, Қаржы жүйесінің жұмыскерлері күнінің қарсы алдында, 1-ші ТДМ «Кедейлікті жою» және 4-ші ТДМ «Сапалы білім» орындалуына белсенді үлес қосу шеңберінде ЭжБЖМ-нің Экономика кафедрасының ПОҚ 2-3 курс студенттерімен кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматыдағы тұрақты өкілдігінен арнайы қонақтарды қабылдады – Виталий Алексейұлы Тутушкин мырза мен Аякөз Ханет ханымды. Қонақтар бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін Экономика кафедрасының аға оқытушысы Рахматуллаева Динара Жақсылыққызы оқитын «Макроэкономика» пәні аясында «Ақша нарығы және монетарлық саясат» тақырыбы бойынша бинарлық дәрістер өткізуге шақырылды.
Тутушкин мырза 1997 жылғы ҚазҰУ түлегі және ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының Орынбасары, ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты Өкілдігінің Басшысы болып табылады. Ханет ханым − осы өкілдіктің Экономикалық зерттеулер басқармасының жетекші талдаушысы. Қонақтар екі жүзге жуық студентке орыс және қазақ тілдерінде дәріс оқыды. Осылайша, еліміздің жас ұрпағы бас банк өкілдерінің аузынан Қазақстанның ақша және қаржы нарықтарындағы ағымдағы ахуал және қолданыстағы монетарлық саясаттың басымдықтары, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі туралы естіді. Студенттер дәріскерлер ұсынған пайдалы нақты ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты, пікірталастарға белсенді қатысты, көптеген сұрақтар қойды және алған жауаптары үшін ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, еліміздің белгілі сарапшыларымен және білікті мамандарымен, сонымен қатар университет түлегімен, осындай кездесулерді белсенді ұйымдастыру – бұл Экономика кафедрасында қалыптасқан тәжірибе және практиктердің академиялық саламен терең интеграциясының дәлелі. Мұндай іс-шаралардың басты артықшылығы – болашақ мамандарды университет қабырғасында алған теориялық білімдерін біздің еліміздегі практикалық мәселелерге қолдануға тарту. Бинарлық дәрістер пәнді терең түсіну үшін өте пайдалы, сондықтан мұндай тәжірибені Экономика кафедрасының ұжымы одан әрі дамытады.