Циклдық дағдарыстардың банктердің несие саясатына әсері
08.11.2024 ж. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17: «Тұрақты дамудағы жаһандық әріптестік») мақсаттарына сай Экономика және бизнес факультеті «6В04106 - Қаржы» мамандығының 3-ші курс студенттерімен «Макроэкономика» негізгі пәннің оқу үдерісі барысында ҚР RBK банк Контактілік орталықтың аға менеджері Болысбеков Батыржан Дастановичпен бинарлық қонақ дәріс өткізілді. Сабақ барысында білім берудегі интерактивті, инновациялық тәсілдерді қолдана отырып білім беру сапасын арттыру мақсатында ашық сабақ ұйымдастырылды.
RBK банк өкілі Батыржан Дастанович макроэкономикалық саясатты тұрақтандыру шегінде «Циклдық дағдарыстардың банктердің несие саясатына әсері» тақырыбы негізінде банктердің портфелін бағалап, дағдарыс кезіндегі мемлекеттік бюджет шығыстарын реттеу мәселелерін талқылады. Ашық сабақ соңында нәтижелік қорытынды жасалды: белсенді студенттер қонақ тарапынан дипломдармен, сертификаттармен марапатталды.
Ашық сабақты өткізген: PhD, аға оқытушы Г.К.Иляшова және аға оқытушы Есенгельдиева Г.Т.