"Reading Club" интеллектуалды сайысы
2024 жылдың 14 қарашасында "Reading Club"/"Оқырман клубы" жобасы аясында Тұрақты даму мақсаттары ТДМ-4 «Сапалы білім» және ТДМ-8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсаттарына сәйкес білім мен мәдениетті насихаттауға, өсуге, сапалы білім мен оқуды қолдауға бағытталған Экономика және бизнес жоғары мектебінің 2 курс студенттері арасында жоғары интеллектуалды сайыс өтті.
Жоба миссиясы – жастар арасында оқу мәдениетін көтеру, әлемдік және отандық әдебиеттермен, бизнес әдебиеттермен, әр түрлі саладағы қызықты фактілер, ақпараттар, мәдениет саласымен таныстыру, жалпы білім деңгейін шыңдау. Сайыс форматының ерекшелігі - әлемдік және қазақ әдебиеті, бизнес әдебиет, мақал-мәтелдер, қазақтың күйлері, мұражайлар мен кино әлемінен сұрақтардан құрастырылған интерактивті викториналар, ребустар мен үзінділер ұйымдастырылып сонымен қатар капитандар сайысы өтті.
Сайысқа Экономика және бизнес жоғары мектебінің 4 кафедра студенттерінен құралған командалар өзара бақ сынап, білімдерін ортаға салды. Сайыс тартысты өтті. Жеңімпаздарға кітаптар, қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Жоба жетекшісі - Тасжарғанов С.И., Менеджмент кафедрасының аға оқытушысы. Сайысты ұйымдастырған: Менеджмент ОБ 3-курс студенттері.
ТДМ мақсаттарын қолдай отырып, осындай шығармашылық жобалар білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, танымдық қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді!