Тез өзгеретін еңбек нарығы жағдайында адами капиталды дамытуFarabi University

Тез өзгеретін еңбек нарығы жағдайында адами капиталды дамыту

16 қараша, 2024

07.11.2024 ж.14.00 ауд.201 Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Республикасындағы "Freedom Holding Corporation" халықаралық қаржы топтары бірлестігінің Бизнес-талдау жөніндегі маманы, саясаттану магистрі Санжар Кикимовтың "Тез өзгеретін еңбек нарығы жағдайында адами капиталды дамыту" тақырыбында қонақ дәріс өткізілді. Талқылаудың тақырыбы мен мәселелері орнықты даму мақсаттарына сәйкес келді (ТДМ 4 – сапалы білім беру, ТДМ 17:" орнықты дамудағы жаһандық әріптестік"). Дәріске "6В04103 – Экономика" мамандығының 1,2 курс магистранттары және "Қаржы"мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Қонақ дәрісін өткізу барысында Санжар Сатжанұлы Кикимов Қазақстанның еңбек нарығындағы проблемаларды қозғап, адами ресурстарды басқарудағы жаңа технологиялар мен тәсілдермен бөлісті, сондай-ақ кәсіби ойлау мен сұранысқа ие болу үшін қажетті дағдылар мен құзыреттермен таныстырды .

Қонақтар дәрісі қызықты өтті, магистранттар мен студенттер талқылауға белсенді қатысып, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Ұйымдастырушылар: э. ғ. к., аға оқытушы А. А. Ережепова, аға оқытушы Ш. А. Нұрғазы.