.png)
13.11.2024 жылы әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы Тұрақты даму мақсаттарының 15 – Мақсат: Құрлық экожүйелерін қорғау аясында К.Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінде «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілік» атты қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сондай – ақ экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін азаматтық – құқықтық және тәртіптік жауапкершіліктің ерекшеліктері қарастырылды. Қ.Ж.Қуандықов студенттерге экологиялық залал және адам өмірі мен денсаулығына келтірілген экологиялық зиянды өтеудің тетіктерін егжей – тегжейлі түсіндіріп берді. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіндегі ремедиация мәселелеріне де жеке тоқталып өтті. Дәрістің соңында студенттер «Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілік» атты тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды.