Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қаржыгер күніне арналған студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясыFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қаржыгер күніне арналған студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы

16 қараша, 2024

2024 жылғы 15 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қаржыгер күніне арналған халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан мен ТМД елдерінен студенттер мен жас ғалымдар қатысып, «Қаржылық сауаттылық пен қаржылық инклюзияны дамыту: тәжірибелер, перспективалар, кедергілер» тақырыбын талқылады.

Конференция «Қазақстанда қаржы технологиялары мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту», «Экономиканы цифрландыру және оның даму үрдістеріне әсері», «Қазақстанның қазіргі жағдайдағы тұрақты дамуы», «Салық жүйесін, бағалы қағаздар нарығын және басқа да салаларды цифрландырудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы бағыттарды қамтыды.

Пленарлық отырыста сөз алған Азат Омаров, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, салық жүйесінің қазіргі жағдайы туралы тақырыпты ашса, Қуат Қожахметов, «First Heartland Jusan Bank» директорлар кеңесінің төрағасы, банк секторының даму үрдістері туралы баяндама жасады, Ахмад Афанди Махфудз, Даруссалам Гонтор университетінің (Индонезия) профессоры, халықаралық қаржылық интеграция тәжірибесімен бөлісті.

Конференция секциялары тұрақты даму, қаржылық сауаттылық, цифрландыру және жаһандық сын-қатерлер тақырыптарында негізгі мәселелер мен тәжірибелерді талқылауды қамтыды. Қатысушылар өз зерттеулерін ұсынып, өз тіжңрибелерімен бөлісті. Қазақстан экономикасының дамуы үшін қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қаржылық инклюзияны жақсарту және заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар жасалды. Конференция қаржы және экономика салаларында ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталған маңызды қадамға айналды. Бұл маңызды шараның тиісті деігейде өтуіне үлес қосқан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз!