Орталық Азиялық жарнама қауымдастығы (CAPA) ұйымдастыруымен V аймақтық жарнамалық форум «RAF-2024: 4.0 коммуникация стратегиясы»Farabi University

Орталық Азиялық жарнама қауымдастығы (CAPA) ұйымдастыруымен V аймақтық жарнамалық форум «RAF-2024: 4.0 коммуникация стратегиясы»

21 қараша, 2024

7 қараша 2024 жылы Орталық Азиялық жарнама қауымдастығы (CAPA) ұйымдастыруымен V аймақтық жарнамалық форум «RAF-2024: 4.0 коммуникация стратегиясы» тақырыбында форум өтті. № 04 – «Сапалы білім беру» бағыты бойынша ТМД аясында форумға «Маркетинг» мамандығының 3 курс студенттері Оразғазы Адия, Тілепберген Динара, Ерланова Аяулым қатысты.

Форумда келесідей мәселелер қарастырылды және талқыланды: тұтынушы үшін не маңызды және қандай үлгілер оның таңдауын ынталандырады; қолданыстағы байланыс арналары қазіргі уақыттың талаптарына жауап бере ме және олар болашақта қалай өзгереді? Пайдаланушы тәжірибесі мен деректерге негізделген маркетингті қалай тиімді біріктіруге болады, қандай маркетинг ережелері өзгеріп жатыр және қайсысы іргелі болып қала береді; табысты тұтынушылық тәжірибені құру үшін бізде қандай жаңа құралдар бар немесе жақын болашақта жасау керек?