«Есірткінің денсаулыққа, әл-ауқатқа және жалпы қоғамға әсері»Farabi University

«Есірткінің денсаулыққа, әл-ауқатқа және жалпы қоғамға әсері»

25 қараша, 2024

22 қараша 2024 жылы ТДМ-3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбы аясында заң факультетінің 301 топ суденттері мен азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы А.А. Урисбаеваның  жетекшілігімен «Есірткінің денсаулыққа, әл-ауқатқа және жалпы қоғамға әсері» тақырыбында іс-шара өтікізілді. Іс-шара №202 мектеп-гимназиясының ұстазы Қ.М.Толкунова мен 11 сынып оқушыларының белсенді қатысуымен ұйымдастырылды.  
«Жақсы денсаулық және әл-ауқат»тақырыбын талқылау барысында, есірткінің адам денсаулығына, болашағына қалай әсер етендігі және оның жағымсыз жақтары айтылып өтілді. 

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға есірткі тұтынудың зияның түсіндіріп, ол адам өміріне балта шабудың басты құралы екендігін көрсету. 
Талқыланған негізгі тақырыптар: 
1. Есірткілер туралы фактілер (зиянды әсерлер, тәуелділік).
2. Мифтер мен шындық: «қауіпсіз» есірткілер туралы қате пікірлерді жоққа шығару.
3. Жастар арасында есірткі қолдануды болдырмау үшін іс-шаралар жоспарын құрастыру.
«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбындағы кішігірім форум оқушылар, студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара түсіністік пен құрметті нығайтуға ықпал етті. Жастардың санасына дұрыс ықпал етіп, оларды болашақта зиянды әдеттерден сақтауда өткізілген іс-шараның маңызы зор деп есептейміз.