«Сот жүйесінің әділдікті қамтамасыз етудегі рөлі: жастар үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбына қонақ дәрісFarabi University

«Сот жүйесінің әділдікті қамтамасыз етудегі рөлі: жастар үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбына қонақ дәріс

27 қараша, 2024

2024 жылдың 26 қарашасында ТДМ №16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нурахметова Г.Г. 209 топ студенттері үшін Алматы қалалық сотының судьясы Рамазанов Алмас Ембергенұлы  «Сот жүйесінің әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлі: жастар үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбына қонақ лекциясын ұйымдастырды. 
Кездесу барысында судья сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, әділеттіліктің негізгі принциптері мен соттардың тәуелсіздігінің әділеттілікті қамтамасыз етудегі маңызы туралы айтты. Судьяның жұмысының практикалық аспектілеріне, оның ішінде күрделі істерді қарау, әділетті шешімдер қабылдау және қоғамның әртүрлі институттарымен өзара әрекеттесуіне ерекше назар аударылды. 

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сот тәжірибесі, құқық қолдану мәселелері мен жастар үшін құқықтану саласындағы мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойды. Судья Рамазанов А.Е. жастардың тиімді институттарды құрудағы рөлін атап өтіп, белсенді азаматтық позиция мен құқықтар мен міндеттер мәселелеріне саналы көзқарас танытуға шақырды. 
Лекция студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды қадам болды, оларға сот жүйесінің қызметімен жақынырақ танысуға және ТДМ №16-ны жүзеге асырудағы оның негізгі рөлін түсінуге мүмкіндік берді.