Форум "Сталкинг. Қорғауды қалай құруға болады"Farabi University

Форум "Сталкинг. Қорғауды қалай құруға болады"

27 қараша, 2024

Жақсылықтың күші бол!
2024 жылғы 27 қарашада ТДМ-16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар», сондай-ақ «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық акциясы аясында "Сталкинг. Қорғауды қалай құруға болады» тақырып бойынша форум өтті. Форумды Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы ұйымдастырды.
Форумға қатысушылар әртүрлі салалардың өкілдері болды, бірақ зорлық-зомбылық мәселесіне, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық мәселеге тікелей қатысы бар. Олар: психологтар, заңгерлер, дағдарыс орталықтарының қызметкерлері, полиция қызметкерлері. Қудалау мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған және қиын жағдайдан және қиын қарым-қатынастан шыға алған әйел өзінің қиын өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Форумға мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің студенттері қатысты (Д.М. Баймаханова, Д.А. Турсынқулова, Л.Т. Культемирова).
Өзекті және ауыр тақырып қызу пікірталас тудырды, оның барысында балалар өздерін толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап алды.
Форумның ұраны: «Жақсылықтың күші бол!»