Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы цифрлық заңнаманы іске асыру және оның құқықтық аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы цифрлық заңнаманы іске асыру және оның құқықтық аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

2 желтоқсан, 2024

2024 жылғы 29 қарашада ҚазҰУ Заң факультетінде тұрақты дамудың 4 мақсатын іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы цифрлық заңнаманы іске асыру және оның құқықтық аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ. д., профессор С.Ж. Сүлейменова ұйымдастырды. Конференция Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы цифрлық заңнамасын іске асырудың және оның құқықтық заңнамалық тәжірибесін ескере отырып, цифрландыру институттарын түсінудің және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаменті нормашығармашылық басқармасының басшысы және Парламентаризм Институтының Мемлекеттік заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшылары қатысып құттықтаулар мен өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, еліміздің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарының пікірлері айтылды: Абай атындағы ҚазҰПУ, Alikhan Bokeikhan University, «Тұран» университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Халықаралық көлік және гуманитарлық университет, Астана халықаралық университеті, AlmaU, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының шетелдік ғалымдары және басқа да өкілдер.

Конференция жұмысында әл-Фараби ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Айтжанова Ж.Н. құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары білім беру саласындағы цифрлық заңнаманы іске асыру және оны практикада қолдануды жетілдіру мәселелеріне арналды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми қызмет және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD докторы Ертай Сұлтан Заманауи педагогикалық білім берудің инновациялық әдістеріне егжей-тегжейлі тоқталып, ел заңнамасында қолдану барысы туралы айтып берді.

Әлихан Бөкейхан университетінің стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры А.К. Қайшатаева университеттегі плагиатты анықтау жағдайындағы автоматтандырылған шешімдер және академиялық әділеттілік қағидатын орындау және оны жетілдіру жөніндегі мәселелерді құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Ш.А. Саимова кейбір өзекті құқықтық мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамалық процесінде жасанды интеллектті енгізудің оң халықаралық тәжірибесін ескере отырып, қазіргі заманғы заңнамалық процестің мәселелерін талдады.

 Конференция қорытындысы бойынша білім беру саласындағы цифрлық заңнаманы іске асыруды одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.