«Алматы-біздің ортақ үйіміз» атты дөңгелек үстел форматындағы іс-шараFarabi University

«Алматы-біздің ортақ үйіміз» атты дөңгелек үстел форматындағы іс-шара

30 қараша, 2024

2024 жылы 29 қараша күні сағат 17:00-де Тұрақты дамудың 11-ші мақсаты «Тұрақты қалалар және елді мекендер» және 15-ші мақсаты «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында «Алматы-біздің ортақ үйіміз» атты дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті.Іс-шараға Алматы қаласы “Жастар Рухы” ЖҚ орынбасары Сахи Бекембай қатысты.Студенттерге Алматы қаласының өзекті мәселелерімен бөлісіп,ортаға сұрақ тастады.Бірге жұмыс жасауға,сүйікті қаламызды көркейтуге шақырды.Қонақ сұрағы бойынша пікірталас орнап,ұтымды ойлар айтылды.Сонымен қатар,іс шара барысында қаланың экологиялық жағдайы таныстырылып,шешу жолдары ұсынылды.Қонақтармен шағын викторина өткізіліп,қызықты сұрақтар талқыланды.Дөңгелек үстел студенттер үшін пайдалы және ой саларлықтай әсерлі болды.Ортақ үйімізге айналған Алматы қаласына қамқорлық танытып,дамытуға үлес қосу үшін жоспарлар құрылды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:«Қаржы және есеп» кафедрасы оқытушылары:Баймуханова С.Б.,Аскарова Ж.А., Алиева Б.М.