Бостандық ауданының прокуратура өкілдерімен кездесу

№ 16 ТДМ жүзеге асыру аясында заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы 2024 жылғы 5 желтоқсанда Заң факультетінің студенттері үшін Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры Нұрдәулетов Ғазиз Жақыпұлымен кездесу ұйымдастырды. Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма мүшесі-әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Суатай Сәбит Құрманжанұлы, заң факультетінің деканы Уәлихан Ақыпбекұлы Ахатов құттықтау сөз сөйледі. Бұл кездесуге Бостандық ауданы прокурорының орынбасары-Қазантаев Нұржан Ғибекұлы, Бостандық ауданы прокуратурасының прокуроры Медеуов Мирас Ерікұлы қатысты.
Кездесу барысында прокуратура өкілдері Мемлекет басшысы мен азаматтық қоғам өкілдері тарапынан ерекше алаңдаушылық туғызатын елдегі есірткі жағдайы туралы атап өтті. Бүгінгі таңда есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы әсіресе жастар арасында жиі кездесетін қылмыстардың бірі болып қала береді.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіретін бейнеролик көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар студент жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында университеттің барлық факультеттеріне бейнеролик тарату қажет деген қорытындыға келді.
Басқа жаңалықтар

