- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сүт өнімдерінен сүт қышқылды өнімдер алу технологиясы мен өндіріс процестерінің негіздерін меңгеру атты зертханалық сабақ
Сүт өнімдерінен сүт қышқылды өнімдер алу технологиясы мен өндіріс процестерінің негіздерін меңгеру атты зертханалық сабақ

«Ұлттық сүтқышқыл өнімдерінің биотехнологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары аясында, зертханалық сабақта: «Сүт өнімдерінен сүтқышқылды өнімдер алу технологиясы мен өндіріс процестерінің негіздерін меңгеру» атты тақырыбында жоба қорғады.
Жоба аясында студенттермен жасалған ашытылған сүт өнімдер түрлері: айран, қаймақ, әртүрлі йогурттар мен сүт сарысу құрамды сусындар (жеміс - жидекті), құрт және сүзбелі шоколад қоспалы ірімшіктер.
Сабақ барысында студенттер сүт өнімін әртүрлі сұтқышқылды бактериялар мен ашытқы дақылдары негізінде ұйытқылар жасау, кілегейлерді ашыту және салқындату процестерін меңгере отырып, әртүрлі режимдерде қыздыру, сепарациялау, гомогендеу технологиясының ерекшеліктері мен олардан алынған соңғы өнімдердің пісіп-жетілуін, буып-түю әдістемелерін толық нышанасына жеткізуді меңгерді.
Кейін алынған соңғы өнімдерді жоғары деңгейде таңбалау белгілеріне де мән беріліп, оларды жүзеге асырды және айта кету керек, жапсырмалар дизайнына да қатысты үлкен еңбектер жасады.
Дайын болған әр өнімнің дәмдік қасиеттерін, сондай-ақ тағамдық құндылығын талқылай отырып, дегустациялар өткізді. Қатысушылар ашытудың технологиялық процестерін егжей-тегжейлі қарастыра отырып, сүт өнімдерін өндірістік деңгейде ұлғайтуға мүмкіндік беретін ашытудың дәстүрлі және өнеркәсіптік тәсілдерін талқылады.
Биотехнология кафедрасының оқытушысы, б.ғ.к. Кирбаева Д.К.