ТДМ 6 "Таза су және санитария”Farabi University

ТДМ 6 "Таза су және санитария”

3 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 3 желтоқсанында  ТДМ 6 "Таза су және санитария”  мақсатында "Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және  әкімшілік құқық"  кафедрасының доценті Турсынкулова Д.А  108,109 топ студенттерімен бірге “Samal waters” су фабрикасына барды. 

Samal ауыз суының көзі болып табылады. Ұңғыма Алматы қ. Түрксіб ауданында орналасқан. Су ұңғымадан құю желісіне дейінгі жолды өту барысында механикалық тазалау, жұмсарту, фильтрация, молекулярлық тазалау мен ультракүлгінмен зарарсыздандыру секілді кешенді бессатылы өңдеуден өтеді. Өзінің ерекше балғын дәміне Samal суы озонмен құнарландырылғаннан кейін ие болады. Біз судың дәмдік және химиялық қасиеттерін тұрақты негізде бақылап отырады. Судың лабораториялық талдауы мен сапаны бақылауы тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Біздің мақсатымыз су мәселесіне назар аударып, бірлесіп ауыз суының тазалығының  маңызын қоғамға жеткізу. 

Студенттеріміз судың қалай алынатының, тазаланып, сатылымға қалай шығатынын көрді.
———————————————
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және  әкімшілік құқық" кафедрасы