"Биотехнология" ББ 3 курс студенттері аштыққа қарсы күреске өз үлестерін қосуда!Farabi University

"Биотехнология" ББ 3 курс студенттері аштыққа қарсы күреске өз үлестерін қосуда!

11 желтоқсан, 2024

"Өнеркәсіптік биотехнология" оқу пәні аясында студенттер ірімшік өндірісінің биотехнологиясына арналған өзіндік жұмыс (СӨЖ) жүргізді. Олар өз жобаларында әртүрлі толтырғыштары бар ірімшіктер жасап, оларды минералды элементтермен және пробиотиктермен байытып, тағамдық құндылығын бағалады.

Дәм тату кезінде алынған өнімдердің жоғары бәсекеге қабілеттілігі дәлелденді, бұл қол жетімді және пайдалы тамақ өнімдерін жасау үшін осындай технологияларды қолдану перспективаларын ашады. Бұл жұмыс БҰҰ – ның №2 орнықты даму-аштыққа қарсы күрес мақсатын іске асырудағы практикалық қадам болып табылады. Студенттердің биотехнологиялық әзірлемелері заманауи технологиялардың барлығына сапалы тамақтануға қалай көмектесетінін көрсетеді. Студенттерді табысты жобамен құттықтаймыз және оларға жаһандық міндеттерді шешуде одан әрі табыстар тілейміз!