Докторанттарға арналған вебинар
2024 жылдың 5 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен “Деректерді талдау үшін экономикалық-математикалық әдістерді қолдану” тақырыбында PhD, "Экономика" кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері - Темербулатова Жансая Сериковнамен докторанттарға арналған вебинар өткізілді. Жансая Сериковна кез келген ғылыми зерттеулер жүргізуде ақпараттардың типтерін жинақтау ерекшеліктері, ақпараттардың негізгі сенімді көздері мен олардың өзара байланысын түсіндіре отырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Экономика-математикалық талдаудың түрлерін, дескриптивті талдау, корреляциялық талдау, уақыт қатарларын талдау, панельді ақпараттарды талдау әдістерін жан-жақты ашып көрсетті. Сол талдау нәтижелеріне сәйкес экономикалық модель құру және модельдің дұрыстығын Хаусман тесті арқылы тексеріп, теңестіруді нақты мысалдармен талдап берді.Вебинарға барлық ғылыми зерттеу жүргізушілер қатысып, өзекті сұрақтар талқыланды.
Вебинар соңында қатысушылар кері ризашылықтарын білдіріп, оң пікірлерімен бөлісті.