Экономика және бизнес жоғары мектебінде қонақ дәріс өттіFarabi University

Экономика және бизнес жоғары мектебінде қонақ дәріс өтті

16 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 13 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Экономикалық зерттеулер орталығы мен Қаржы және есеп кафедрасының ұйымдастыруымен IUTH университетінің аға оқытушысы, Болашақ халықаралық бағдарламасының стипендиаты, Ұлыбританияның University of Surrey түлегі және Alanya Alaaddin Keykubat университетінің PhD докторанты Нұржан Әбдіразақовтың қатысуымен “Ғылыми зерттеудегі жасанды интеллектің мүмкіндіктері” тақырыбында қонақ дәріс өтті. Іс-шараға Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессор-оқытушылары мен білім алушылары, сондай-ақ 1-курс докторанттары қатысты. Дәріс барысында спикер жасанды интеллект құралдарын ғылыми зерттеулерді тиімді жүргізуде қалай қолдануға болатыны туралы құнды ақпарат берді. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ғылыми жобалар дайындау барысында АІ технологияларын енгізу тәжірибесімен танысты. Қатысушылар дәрістің пайдалы әрі өзекті ақпаратқа толы болғанын атап өтіп, осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылуына тілек білдірді.

Іс-шараны ұйымдастырушы жауапты тұлғалар: Досжан Р.Д., Оналтаев Д.О. және Боранбаева А.