Ұлттық банктің теңге бағамына қатысты жаңа мәлімдемесі
06.12.2024 ж. Экономика және бизнес жоғары мектебі, Экономика кафедрасының 3-курс Экономика студенттері мен эдвайзер Есенгельдиева Г.Т. тобымен ТДМ 8 “Лайықты жұмыс және экономикалық өсу ” көрсеткіші аясында “Ұлттық банктің теңге бағамына қатысты жаңа мәлімдемесі ” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара мақсаты – еліміздегі теңге бағамының әл-ауқатын зерттеп,қарастыру.Сонымен қатар қандай факторлар әсер ету аясында өзгерістерге ұшырап жатқандығын бақылау.
Іс-шара барысында студенттер зерттеулері бойынша,қараша айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге дейін барды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 278 млн-нан 262 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда саттықтың жалпы көлемі 5,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасының 3-курс студенттер және Есенгельдиева Г.Т. , Тураров Д.Р. ,Кулиев И.У.