Студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағалы үлес қосты

«8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасының түлегі, «Балық мектеп» жобасының негізін қалаушы Марлен Тұрсынәліұлы студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға үлес қосып, №7 жатақхананың асүйіне арналған жиһаз сыйлады.
Қазіргі заманғы асүйдің ашылу салтанаты биология және биотехнология факультетінің деканы М.С. Құрманбаеваның басшылығымен өтті. Іс-шараға студенттер қалашығының мамандары, факультет деканының орынбасарлары А.Б. Құсманғазинов пен Г.К. Датқабаева, кафедра меңгерушілері А.С. Нұрмаханова, А.С. Қыстаубаева, Ж.К. Жүнісбаева және А.М. Құстубаева, №7 жатақхана меңгерушісі К.М. Құрманбеков, сондай-ақ студенттер қатысты.
Бұл қайырымдылық пен қолдау әрекеті университет өміріне түлектердің белсенді қатысуының маңыздылығын және қазіргі студенттер үшін қолайлы жағдай жасаудың үлгісін көрсетеді.
Басқа жаңалықтар


